Павлодар облысының шекарасында жүк көлігіне АН-2Т ұшағын салып алып, Ресейге заңсыз өткізбек болған адам анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Анықталғандай, ер адамда ұшақтың құжаттары жоқ болып шықты.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ұшақ иесінің оны «Амангелді» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізгісі келгенін хабарлады. Ұшақты жүк көлігіне тиеп алған.
- Ұшақтың салмағы - 3 тонна 600 келі. Ер адам оны аукционнан өзі үшін сатып алған. Бірақ оның арнаулы құжаттары болмаған, - деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінен.
Ұшақтың бағасы 1,8 млн рубльді құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әуе кемесінің иесіне 55 мың теңге айыппұл салынды.