Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Демалыста күн райы қандай болады?

Синоптиктер 21-23 желтоқсанға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Paryz.kz.

Демалыста күн райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар күтіледі.

«21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді-қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар күтіледі», – делінген Қазгидромет РМК хабарламасында. 

Тек, 23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

«Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.