Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алматыдағы 5600 ғимарат жер сілкінісіне төзімсіз

2017-2018 және 2023-2024 жылдары жүргізілген паспорттау жұмыстары Алматыдағы тексеруге тартылған 20 мың нысанның 26 пайызы жер сілкінісіне төзімсіз екенін көрсеткен. Бұл туралы Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейін бес жылдық жоспарының жобасында айтылған.

Алматыдағы 5600 ғимарат жер сілкінісіне төзімсіз
Фото: Kazinform

 - Жыл сайын қаладан 80 км радиуста 200-ге дейін әлсіз жер сілкінісі болады. Бұл ретте, қарқындылығы 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып есептеледі. Қала аумағында 27 тектоникалық ақаулар бар. Олардың 60%-дан астамы таулы аумақта орналасқан, - деп жазылған құжатта.

Даму жоспарындағы дерекке сенсек, қаладағы тексеруден өткен 20 мыңнан астам ғимараттың 5,6 мыңын жер сілкінісіне төзімді етіп жөндеу керек немесе сүріп тастау қажет. 

- Қаланың сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін бағалау үшін Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы «Еуростандарт» негізінде сейсмикалық шағын аудандастыру картасын әзірледі. Оған сәйкес қала 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жер сілкінісіне төзімділік талаптарына сәйкес келмейтін объектілер мен ғимараттарды анықтау үшін 2017-2018 және 2023-2024 жылдары 20 мыңнан астам объектіге паспорттау жүргізілді. Олардың 26%-ы (5,6 мың объект) сейсмикалық күшейтуді немесе бұзуды талап етеді, - делінген құжатта.