Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстандық алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Аса iрi алаяқтық жасады деген күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстандық алаяқ Ресейден экстрадицияланды
Фото: Halyq Uni

Бас прокуратура аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады.

Күдікті 2023 жылы Кореядан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші – Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған, – деп мәлімдеді Бас прокуратура. 

Биылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталғанға қатысты қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.