Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда жол апатынан 80 адам қайтыс болды

Жыл басынан бері Атырау облысында 727 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 80 адам қаза тауып, 1015 адам әртүрлі дене жарақатын алып отыр, деп хабарлайды paryz.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырауда жол апатынан 80 адам қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Тас жолдарда орын алған жол апаттарының барлығы адами фактордан болатындығы анық. Көлік жүргізушілерінің өзінің немесе өзгенің өміріне деген жауапкершіліктің болмауынан тас жолдарда өздерін еркін ұстап, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асыруы, басқару жүйесінде ұялы телефон қолдануы, маневр талаптарын бұзуы, балаларды арнайы ұстау құрылғысынсыз тасымалдауы және тағы сол сияқты Жол жүрісі қағидаларын сақтамау салдарынан жол апаттары жиі орын алуда. Бұл туралы atr.kz жазады. Жол апаттарын үнемі жасауға бейім – қала және аудан орталығындағы көлік жүргізушілері.

- Қазіргі уақытта жасыратыны жоқ көпшілігіміз баратын жерімізге жылдам баруды әдетке айналдырудамыз. Бірақ сол жылдамдықтың артында үлкен апаттың денсаулығымызға және өмірімізге қатер төнетінін түсінбейміз. Айта өтейік, жаяу жүргіншілер өткелінде 294 жол-көлік оқиғасы орын алып, 17 адам қаза тапқан. Ал, мопед, скутерлердің қатысуымен 39, балалардың қатысуымен 262 жол көлік оқиғасы орын алды. Құрметті жүргізушілер, егерде Сіздер адам өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғасына жол берсеңіздер, ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы негізінде қылмыстық жауапкершілікке тартыласыздар. Яғни 5 жылдан 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — дейді облыстық полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Әділбек Шахметов. 

Сала қызметкерінің айтуынша, облыс аумағында жыл басынан бері тас жолдарда 155-тен астам жол-көлік оқиғалары орын алып, салдарынан 54 адам көз жұмып, 202-ден аса адам әртүрлі дене жарақатын алды. Осы жол-көлік оқиғаларының барлығы да – жүргізушілердің жолаушылардың өміріне деген салғырт қарауынан. 

- Құрметті жолаушылар, егерСіздер жүргізушінің жылдамдықты асырғанын, ұялы телефон пайдаланғанын немесе көлікті шаршаңқы басқаруын байқасаңыз дереу ескерту жасаңыз немесе 102 операторына хабар беріңіз. Бұл өзіңіздің және басқада өзгенің өмірімен денсаулығының сақталуына тигізген пайдаңыз екендігін ұмытпаңыздар. Сондай-ақ, өз өмірлеріңізбен денсаулықтарыңызды тәуекелге тікпей, қауіп қатердің алдын алу үшін автобус немесе пойыз көлігін пайдаланыңыздар. Барар жеріңізге кешігіп барғаныңызбен өміріңізбен денсаулығыңызға төнер қауіп әлдеқайда төмендейтіні анық. Көлік жүргізушілері тас жолдарда жол жүрісі ережесін қатаң сақтауларыңызды ескертеміз, — дейді Ә.Шахметов