Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ұлытау тұрғыны сүйген қызының жалаңаш суретін желіге жариялағаны үшін жазаға тартылды

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы «С» 2024 жылдың 21 тамызында сағат 00:32 шамасында өзінің бұрынғы қызы, 2002 жылы туған «Т»-ны масқаралау мақсатында Telegram арнасында «В» атты топ ашқан. Топқа жәбірленушінің 12 танысын, туыстарын және достарын қосып, өз ұялы телефонында сақталған, жәбірленушінің кіндіктен жоғары жалаңаш түскен екі суретін, хат алмасуларын және жеке құпия болып саналатын ақпараттарын жариялаған.

Ұлытау тұрғыны сүйген қызының жалаңаш суретін желіге жариялағаны үшін жазаға тартылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Сонымен қатар, сотталушы «С» TIK-TOK әлеуметтік желісінде @g парақшасын ашып, жалпы қолжетімді екенін біле тұра, жәбірленушіні масқаралау мақсатында оның диктофон жазбасын бейнежазба ретінде жариялаған.

Осылайша, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігінде көзделген жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, сондай-ақ дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзған. Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Оның кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдер жиынтығымен расталды. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындағанын және жеңілдететін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды ескерді. 

— Сот үкімімен «С» Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады. Сотталушы сот залынан қамаққа алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген сот таратқан хабарламада.