Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қалтырап, дірілдейді»: жер бетін тағы бір белгісіз ауру жайлай бастады

Угандада белгісіз ауру тарап жатыр. Бұл ауру кезінде адамдарда бақылаусыз діріл пайда болады. Ол шамамен 300 адамнан байқалған, әсіресе әйелдер мен қыздар арасында кездеседі. Алайда Уганда ведомствосы бұл жайлы ресми деректер келтірмей отыр, - деп хабарлайды paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Қалтырап, дірілдейді»: жер бетін тағы бір белгісіз ауру жайлай бастады
Фото: Pixabay

Угандадағы жұмбақ ауру жайлы не белгілі? The Economic Times баспасының хабарлауынша, бұл ауру кезінде адам дірілді бақылай алмайды және жүргенде қиындықтар туындайды. Оған көбіне әйелдер мен қыздар шалдығады. Шамамен 300 жағдай тіркелген, науқастарда қалтырау, қатты әлсіздік және би қимылына ұқсайтын діріл байқалады. Сол үшін бұл ауруды динга-динга деп атаған: ол жергілікті диалекті "бидегідей қозғалу" деп аударылады.

Угандадағы Денсаулық сақтау өкілдері бұл аурудың таралуының себебін зерттеп жатыр және науқастарға бірден медициналық көмекке жүгінуге кеңес берді. Олардың айтуынша, сол кезде емделіп кету мүмкіндігі жоғары болады. Көпшілік науқас дәрігерге қаралғаннан кейін бір аптадан соң жазылып кеткен. 

Алайда жергілікті тұрғындар дәрігерге қаралуға асықпайды және үйде шөптерден жасалған дәрі ішуді жөн көреді. Әзірге динга-динга ауруынан болған бірде-бір өлім тіркелмеген, бірақ ауру африкалық елдерде жылдам тарап жатыр.

Сондықтан денсаулық сақтау органдары оның себебін анықтауға тырысып жатыр.