Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырау облысында бірнеше рет мал ұрлаған күдікті ұсталды

Атырау облысында полиция 14 рет мал ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды paryz.kz.

Атырау облысында бірнеше рет мал ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Жылыой ауданында полицейлер мал ұрлығын ашып, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тергеу барысында күдікті биыл маусым-тамыз аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында 14 рет мал ұрлығын жасағаны анықталды. Ер адам 34 бас ірі қараны қолды қылып, жәбірленушілерге 5 млн теңгеден аса шығын келтіргенін мойындады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің ұрланған малды әлеуметтік желілер арқылы сатқаны анықталды. 

Полиция оның телефонын тексеру кезінде ұрланған малдың суреттерін, сатып алушылармен жасалған хат алмасуларды және басқа да дәлелдерді тапты. Ұрланған малды сатып алған адамдардың кім екені де анықталды. Қазір құқық қорғау органдары қосымша дәлелдерді жинау үшін күдіктінің қоңырауларының биллинг деректерін зерттеп жатыр.

Сондай-ақ бұл қылмысқа басқа адамдардың қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.