Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады
Фото: Kazinform

Шын мәнінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма қарастырылған.

Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан менің ойымша, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай көшпелі цирктер, зообақтар және басқаларының қызметі тоқтатылады, - деді министр Үкімет үйінде.