Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жетісуда танысының пәтерін тонаған ұры қолға түсті

Жетісуда танысының сенімін пайдаланып, пәтер тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz


Жетісуда танысының пәтерін тонаған ұры қолға түсті
Фото: gov.kz

Polisia.kz мәліметінше, Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті.

«Оқиға жазда жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде болды. Белгілі болғандай, жәбірленушінің күйеу баласы қонаққа келген әйелінің сіңлісі – пәтер иесінің сыртқа шыққан сәтін пайдаланып, кілттің көшірмесін жасатқан. Күдікті ұрлық жасауға қолайлы уақытты күтіп, Талдықорғанға арнайы барып, үйдің бос тұрғанына көз жеткізген соң, пәтерге кірген. Ол үйден Cartier маркалы алтын әшекейлер мен құнды күзен қалпағын қолды еткен, – делінген ақпаратта. 

Алайда бұл қылмыскердің алғашқы әрекеті ғана болып шықты.

«Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Алайда, материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне қайтып оралған. Бұл жолы оның қолына алтын сақиналар мен сырғалар түскен. Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны құрықтады. Күдікті өз әрекетін материалдық қиындықтарға байланысты жасағанын мойындады. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. «Қиын жағдайлар өмірде әркімнің басынан өтеді. Алайда, заңсыз жолмен мәселе шешуге тырысу адамды одан да терең шыңырауға алып барады. Жеңіл табыс ауыр зардаптарға әкелетінін естен шығармаңыз. Өмірде жетістікке жетудің жалғыз жолы – адал еңбек. Сонымен қатар, өз мүлкіңізге мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды естен шығармаңыз», – деп ескертті мамандар.