Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша бес жылға сотталған белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірді.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты материалдар Түрксіб аудандық сотына қарауға жолданды.
Бұған дейін Павлодар облысының № 44 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыдағы колонияға ауыстырылғаны туралы жазған едік.