Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

«Дикий Арман» ісі бойынша сот тергеуі аяқталды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сотта жарыссөз басталды.

«Дикий Арман» ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
Фото: Kazinform

Адвокат Олег Чернов әлеуметтік желідегі парақшасында аталған іс бойынша сот шешімі қашан қабылдануы мүмкін екенін жазды.

- Жұмагелдиев Арманның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды, сотта жарыссөз басталды. Қазір мемлекеттік айыптаушы сөйлеп жатыр. Айыпталушыларға ұзақ мерзім сұралуда. Мен желтоқсан айына дейін аяқтап, 2025 жылы қаңтардың басында шешім шығарылады деп ойлаймын, - делінген жазбада.