Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы «Хуторские» қылмыстық тобы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Әкім Талғарда заң анықтама бергендей қылмыстық топтың жоқ екенін айтады.
«Бұл жағдайға байланысты құқық қорғау органдары жауап берген. Шын қылмыстық топтың өзіне тән белгілері болады, олардың бөлек мақсаты болады. Ал құқық қорғау органдары ондай жоқ екенін мәлімдеген. Өңірдің әкімі, тұрғыны және осы жерде өсіп-өнген адам ретінде айтарым, заңда анықтама берілгендей қылмыстық топ жоқ», - деді ол.