Алматы облысының прокуратурасы Ш. Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлады.
Ведомстводан мәлім еткендей, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.
– Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз, - деп атап өтті прокуратурадан.