Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жетісуда 72 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды

Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар құрықталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Жетісуда 72 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды
Фото: Halyq Uni

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшыларына «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген.

Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен. Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізіліп жатыр.

Оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды әрі жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған, – делінген ақпаратта. 

Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, қолға түсті. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сақшылар заңның орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырылуына маңызды үлес қосты.

Олардың жедел жұмысы өңірдің мыңдаған тұрғынына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз ететін газ құбыры құрылысының бұзылуын болдырмауға мүмкіндік берді. Құқық қорғау органдары қызметінің арқасында адамдардың үйлеріне жылу мен жайлылық келеді, ал өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба мерзімінде іске асырылады.