«Қазақтелеком» АҚ филиалы – сервистік фабрикасы лауазымды қызметкерлері өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Антикор мәліметінше, аталған дерек заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыс аясында анықталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше «Қазақтелеком» АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкері кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын төмен бағамен сатты деген күдікке ілінді. Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 450 млн теңгегеден астам материалдық залал келтірілді», – делінген хабарламада.
Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысан бұғатталды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.