Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Омбудсмен 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

Динара Зәкиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Омбудсмен 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды
Фото: Halyq Uni

Балалар омбудсмені Ақмола облысында өрттің салдарынан қаза тапқан балалардың жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, оның айтуынша биыл Қазақстанда тіркелген 15 өрттің салдарынан балалар қаза тауып, осы жағдайлардың көпшілігінде олар үйде жалғыз болған.

«Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Бұл ретте көмекке мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан берілетін қолдау шараларымен қамтамасыз етілуі қажет», – деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасына.