Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.

Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты
фото: baq.kz

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Анель Сартаеваваны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. 

Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін прокурор соттан А.Сартаеваны кінәлі деп танып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Сондай-ақ, жол апатынан қаза болған марқұмның отбасы жүргізушіні кешіргені туралы жазған едік.