Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елімізде бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қызметі шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Елімізде бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қымбаттауы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Оның айтуынша, бүгінде картадан басқа картаға ақша аудару қызметі 150 теңге тұрады. Алайда жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін.

«Бұл – Экономика министрлігінің төлем операциясын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карталарды пайдалану, картадан картаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы ықтимал, - деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы арнасында. 

Ол Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдегенін жеткізді.

«Бірақ ашығын айтсақ, бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жауып қалмайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес», - деді депутат. 

Бұл нормаға Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚК мен сарапшылар қарсы шыққан. Осыған қарамастан министрлік бұл норманы жаңа Салық кодексі жобасына енгізген.