Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар кетті – Ұлттық банк төрағасы

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар жұмсаған. Бұл туралы бас банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар кетті – Ұлттық банк төрағасы
Фото: depositphotos.com

Сүлейменовтің сөзінше, кейінгі екі күн маңызды рөл атқарған. 16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз.

«Соған 1 млрд доллар кетті. Бұл жеке тұлғаларға ешқандай әсер етпеді. Тек қана қор биржасындағы заңды тұлғалар қатысты», - дейді Сүлейменов. 

Айта кетейік, 28 қарашада Қазақстан қор биржасында 713 млн доллар сатылды.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ доллары бағамы 513,05 теңге болды.