Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Кәсіпкер Байқоңырдағы ғарыш кемесін Кенесарының басына айырбастамақ болған

Кәсіпкер, Байқоңырдағы «Боран» ғарыш кемесінің иесі Дәурен Мұсаға іздеу жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz.

Кәсіпкер Байқоңырдағы ғарыш кемесін Кенесарының басына айырбастамақ болған
коллаж: kyn.kz

Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталына жарияланды. Ондағы ақпаратқа қарағанда, кәсіпкерді іздеуге Алматы қаласының полиция департаменті бастамашы болған. Алайда оның не үшін іздесітіріліп жатқаны туралы мәлімет жоқ. Бір анығы, Дәурен Мұса Instagram-дағы сторисіне содан бірнеше сағат бұрын ғана жазба жариялаған. Осы орайда Ulysmedia.kz тілшісі кәсіпкерге де, ПД департаментіне де мәселеге байланысты сұрау салған.

Бірақ ақпарат жарияланған кезде қос тараптан да жауап болмапты. Нақты айтқанда, кәсіпкер Дәурен Мұсаның есімі оның Байқоңырдағы «Боран» ғарыш кемесіне иелік ететіні туралы ақпарат шыққаннан кейін көпшілікке кеңінен тарады.

Одан ресейлік «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин ғарыш кемесін сатып алмақ болады. Ал кәсіпкер оған келіспей, оқиға сотта жалғасып, халықаралық дауға айналған.

Себебі Ресей тарапы ғарыш кемесін сатуды сұрағанда, Дәурен Мұса оны «Кенесары ханның басына ауыстыратынын» айтқан. Кәсіпкер «Байқоңыр» РКК» АҚ-ын 2002 жылы ғарыш кемесімен қоса сатып алғанын айтады.

Ол мекеменің 80 пайыз акциясына иелік етеді. Қалған 20 пайызы «Инфракос» мемлекеттік мекемесінің үлесінде.