Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстан бай адамдар санының өсуі бойынша АҚШ-ты артқа тастады

Азиядағы күшті өсім алдағы 5 жылда Азия-Тынық мұхиты аймағын қуып жетеді. 2025 жылға қарай бұл аймақта 25 пайыз немесе шамамен 169 мың бай адам болады деп күтілуде...

Қазақстан бай адамдар санының өсуі бойынша АҚШ-ты артқа тастады
фото: ашық дереккөз

Қазақстан елдегі ең бай адамдардың өсімі бойынша топ-8 елдің қатарына енді. Мұны Knight Frank-тың 2021 жылғы байлық туралы есебі дәлелдейді, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Есепке сәйкес, коронавирус пандемияcына қарамастан, бүкіл әлемде өте бай адамдар саны өсті. Таза байлығы 30 миллион доллардан асатын адамдар саны соңғы 12 айда 2,4 пайызға өсіп, қазір 520 мыңнан асты. Ең жоғары өсім Азияда (былтыр 12 пайыз) тіркелді.

Ауқатты адамдардың өсімі байқалатын 8 елдің тізіміне Қазақстан да кіріп, 7-орын алды. Өсім 33 пайызды құрады.

Рейтингте Индонезия бірінші орынды иеленді. Одан кейін Үндістан, Польша, Швеция, Жаңа Зеландия, Замбия, Қазақстан және АҚШ елдері орналасқан.

2025 жылға дейін бай адамдардың саны тағы 27 пайызға артады деп күтілуде. Ал Америка байлардың көбінің тұрағы болып қала береді: 2025 жылға қарай 38 пайыз немесе 254 мың адам АҚШ-та тұрады деп болжанған.

Бірақ Азиядағы күшті өсім алдағы 5 жылда Азия-Тынық мұхиты аймағын қуып жетеді. 2025 жылға қарай бұл аймақта 25 пайыз немесе шамамен 169 мың бай адам болады деп күтілуде және бұл аймақта ауқатты адамдар Еуропамен бірдей болады.

Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан елдер Индонезия мен Үндістан болды. Олар өз халқының санын сәйкесінше 63-67 пайызға арттырады.