Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда ең көп зейнетақы неше теңге?

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 945 752 теңге болды, – деп хабарлайды Paryz.kz БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ең көп зейнетақы неше теңге?
Фото: gov.kz

Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болған. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті.

Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%). Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 1 қарашасында 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері – 19,9%).

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%. Ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері – 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асқан.