Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Өскеменде 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі сотталды

Өскемен қаласында 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өскеменде 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісі сотталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform агенттігі

Қала прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 38 жастағы айыпталушыға шыққан сот үкімін тыңдауға басқа да мемлекеттік балабақшалардың есепшілері шақырылды. Белгілі болғандай, есепші ақшаны түрлі келісімшарттар бойынша тауарлар мен қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, өзінің туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударып отырған. Осымен тоқтамай, мемлекеттік сатып алу жүйесінде жалған келісім-шарттар жасап, іс жүзінде орындалмаған міндеттемелерге ақша аудара бастаған.

«Бұдан бөлек, жұмысын адал орындаған жеткізуші компанияларға «ақшаны сіздерге қателесіп аударып жібердім» деп өзінің заңға қайшы әрекеттерінде қолданып келген. Осылайша, есепші 16 млн теңгеге жуық қаражатты қалтаға басты», - делінген ақпаратта.

Сот үкімі бойынша айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қарауында кәмелеттік жасқа толмаған балалары болғандықтан оның жазасын өтеу мерзімі үш жылға кейінге шегерілді.