Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Түрмедегі адам террорлық акт жасауға дайындалған — ҰҚК

ҰҚК үш облыстағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Түрмедегі адам террорлық акт жасауға дайындалған — ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

— Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан. Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды, — делінген хабарламада.