Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қазақстанның бірнеше өңірлеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Paryz.kz.

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Kazinform

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» мәлім етті. 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-ден бастап, Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеледі.

Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1135-1367 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Атамекен ауылы);

Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы);

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы). 19:00-ден бастап Павлодар облысымен шекаралас жолдарда келесі бағыттар бойынша барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы). 

Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты, 21 қараша күні 19:00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылады.

Ауа райы тұрақтанған жағдайда, шектеулер 2024 жылғы 22 қарашада сағат 07:00-де алынады деп жоспарлануда.

Жүргізушілерді жолға шықпас бұрын өңірлердегі ауа райы болжамын және жолдардағы жағдайды қадағалап отыруға шақырамыз.

Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береміз.