Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Украинадағы қазақстандықтарға елден кету ұсынылды

Қазақстанның Украинадағы елшілігі елдегі артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдары жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын орналасқан аумақтардан немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Украинадағы қазақстандықтарға елден кету ұсынылды
фото: AP Photo/Efrem Lukatsky

Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертулерді назарға алуға және дереу баспанаға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

«Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы – одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын атап өтеміз», – делінген хабарламада. 

Айта кетсек, Польша арқылы шыққан жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. 

Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Елшіліктің Консулдық бөлімінің байланыс нөмірлері: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтары үшін жедел желі (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.