Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтін болды

Премьер-министр Олжас  Бектенов Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтін болды
Коллаж: Halyq Uni

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіріп, нақты жауап берді.

«Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі UTC+5 уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл – ғылым тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тасырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Айта кетейік, географиялық жағынан Қазақстан UTC+3, UTC+4, UTC+5, UTC+6 белдеуінде орналасқан. Бұған дейін елімізде UTC+5, UTC+6 белдеуі қолданылады. Еліміздің батыс өңірі басқа аймақтарға қарағанда бір сағат артта жүрді. 2024 жылдың 1 наурызынан бастап ел бойынша UTC+5 белдеуі енгізілді.