Танымал блогер Диана Қырықбай оқырмандарының оның сыртқы келбетіне қатысты жазған сынына жауап қайтарды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ол TikTok-та оқырман тарапынан жазылған пікірге жауап беріп, өзінің сыртқы келбетіне толықтай көңілі толатынын айтты.
«Қолың қартайып бара жатыр» дейді бір оқырман. Менің қолым қартаймаған, олар жай ғана арық, білектерім жіңішке. Бірақ маған олар әдемі көрінеді. Кейбіреулер мойным қартайған, қолым қартайған дейді. Бетімде әжім жоқ, сондықтан басқа нәрсеге жабысады. Қартайса не болды? Бұл – өмір. Барлығымыз қартаямыз, бәрімізге әжім түседі, – деді блогер.