Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz.
2024 жылғы 18 қарашада Маңғыстау, Қызылорда мен Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.
«Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – деп мәлімдеді Қазавтожол.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, деп қосты ведомство.