Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада сөз байласып жүрген қызын көшеде сүйреген жігіт жазадан құтылып кетті

Қызылорда облысында сөз байласып жүрген қызын аяғынан теуіп құлатып, көшеде киімінен тартып сүйреген жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қызылордада сөз байласып жүрген қызын көшеде сүйреген жігіт жазадан құтылып кетті
Фото: Kazinform

Оқиға биылғы жылдың 15 қазанында сағат 15.00 шамасында болған. Аудан орталығы - Шиелі кентінде жігіт бірнеше жылдан бері сөз байласып жүрген жәбірленуші қызға күш қолданған. Оны жұлқылап, жерге құлатып, аяғынан тепкен.

«Тас жолдың үстіне киімінен тартып сүйреп, оған қатысты тән ауруына ұшыратқан. Бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу әрекетін жасаған.

Сотталушы әрекетін толығымен мойындап, жәбірленушімен татуласуына байланысты істі өндірістен тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші бұл сөзді растады.

Аудандық соттың қаулысымен ҚР Қылмыстық Кодекесінің 109-1-бабы 1-бөлігімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды», - деп мәлім етті Шиелі аудандық сотынан.