Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Перизат Қайрат палестиналықтардың 200 миллионын жымқырды деген күдікке ілінді

ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялады. Яғни, оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталған.

Перизат Қайрат палестиналықтардың 200 миллионын жымқырды деген күдікке ілінді
фото: әлеуметтік желіден

«2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды», — делінген агенттік хабарламасында.

Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда.

«Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз», — деп жазды ведомстводан.