Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

AMANAT партиясының 1,5 млрд ұрланған Biz Birgemiz қорына қатысы бар ма?

AMANAT партиясы Biz Birgemiz қорына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

AMANAT партиясының 1,5 млрд ұрланған Biz Birgemiz қорына қатысы бар ма?
Фото: Kazinform

«Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде AMANAT партиясының Biz Birgemiz қорының жұмысына қатысы бар деген ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты, AMANAT партиясы Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы саналмайтынын (толық атауы: «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚБ) және оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндіре кету қажет деп санаймыз», – деді партия. 

Айта кетейік, биыл сәуірде AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты су тасқыны кезеңінде апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, ауқымды жұмыс жүргізді.

Белсенділер мен волонтерлер көптеген қайырымдылық ұйымы, соның ішінде «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚБ қоры жинаған гуманитарлық көмекті жеткізуге атсалысты.