Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылды

Пара үстел теннисі федерациясы мекеменің президенті болған Перизат Қайратты қызметінен босатылғаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылды
фото: әлеуметтік желіден

«Қазақстан Республикасының Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу жүргізілуіне байланысты енді ұйымның президенті болып саналмайтынын хабарлады. Шешім 2024 жылдың 14 қарашасында федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды.

Ол тағайындалғалы бері оның басшылығымен бірде-бір ресми кездесу немесе жұмыс туралы бұйрықтар өткізілмегенін атап өтеміз. Пара үстел теннисінің және спортшыларымыздың дамуына қолдау көрсете отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысымызды жалғастырамыз», - делінген хабарламада.