Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

230 мың доллар жымқырған алаяқ грек аралында ұсталды

ІІМ іздеуде жүрген алаяқтың грек аралында ұсталғанын мәлімдеді.

230 мың доллар жымқырған алаяқ грек аралында ұсталды
Фото: ІІМ

«Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады. 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған», — деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.