Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Уақыт белдеуін өзгертуді ұсынған депутат кешірім сұраудан бас тартты

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізуді ұсынған Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл қазақстандықтардан кешірім сұраудан бас тартты, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Уақыт белдеуін өзгертуді ұсынған депутат кешірім сұраудан бас тартты
Коллаж: Halyq Uni

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жыл талқылау болды. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Үкімет шешім қабылдады. Бұл бір министрдің шешімі емес. Сондықтан мұны қателік деп айтуға болмайды, - деді Еркін Әбіл Мәжілістің жалпы отырысынан соң. Депутат бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

«Енді ештеңе айтқым келмейді. Себебі Facebook-те өз пікірімді жаздым, сұқбат бердім. Бәрін қайталағым келмейді. Мыңдаған қазақстандық Үкіметтің шешімін қолдайды. Мен белгілі бір мәселе барымен келісемін. Бұл мәселені талқылауға дайынбыз. Олар – сабақ, жұмыс уақыты. Әкімдіктерге тиісті ұсыныс жасадық. ШҚО-ның бір бөлігі UTC+5-те, қалған жарты бөлігі UTC+6-да жатыр», - деді ол. 

Журналист «Сіз уақыт белдеуін өзгерту керек деп бастама көтердіңіз. Осы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрағыңыз келмей ме?» деп сұрағын нақтылады. 

«Мен кінәлімін, қателік жасадым деп ойламаймын,» - деді Еркін Әбіл.