Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға шектеу жарты жылға ұзартылды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылғы 8 қарашада «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға шектеу жарты жылға ұзартылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

«Қазақстан Республикасының аумағынан 6 ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін», - делінген бұйрық мәтінінде.

Тыйым қолданылмайтын жағдайлар: - өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі; 

- Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде әкету; 

- Қазақстан Республикасының шегінен тыс басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар; 

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетіледі.