Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ақтөбеде жол ережесін 308 рет бұзған жүргізушіге 11 млн теңге айыппұл салынды

Ақтөбелік тұрғын екі ай ішінде 308 рет жол ережесін бұзды. Ол шетелдік нөмірлі көлікпен жүріп, жылдамдықты асырған. Сөйтіп 11,5 млн теңге айыппұл арқалады.

Ақтөбеде жол ережесін 308 рет бұзған жүргізушіге 11 млн теңге айыппұл салынды
фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері екі айдың ішінде жол ережесін 308 рет бұзған, жылдамдықты асырған жас жігітті ұстады. Шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы қала тұрғынының әрекеті «Қорғау» жүйесі арқылы анықталды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстап, көлік тұраққа қойылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн 573 мың теңгені құрады. ​

– Жүргізушілер өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы ойлануы керек. Шетелдік нөмірі бар кейбір көлік жүргізушілері жазадан құтылып кетемін деп үміттенеді. Бірақ олай емес. Біз мұндай заң бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартамыз, - деп атап өтті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев.