Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан екі адамға қатысты тергеу басталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан екі адамға қатысты тергеу басталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпаратқа сәйкес, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 келіден астам гашиш пен 42 келі марихуананы сатуға әрекеттенген екі қазақстандық ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.