Депутат Дәулет Мұқаев желіде трендке айналған жеміс жайында жазба жариялады, деп хабарлады Paryz.kz.
Оның айтуынша, шетелде тұратын досы Қазақстанда күтпеген жерден сұранысқа ие болған жүзімнің небәрі 600 теңге тұратынын айтқан. Ал оны қазақстандықтар өте қымбат бағаға сатып алып жатыр.
«Бұл жай ғана жүзім... Малайзияда жүрген Данияр Қанқожаев досымның жіберген видеосын көріңіздерші. Жегенімізді тренд етпей, білімді трендке айналдырайық. Ой қуалайық, білім қуалайық», – деп жазды халық қалаулысы жеке парақшасында.