Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

ҚФФ Әділет Барменқұловтың басшылықтан кеткенін растады

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Әділет Барменқұловтың федерация президенттігінен кеткенін растады. 

ҚФФ Әділет Барменқұловтың басшылықтан кеткенін растады
Фото: Kazinform

«Ол мәліметті растаймыз. Сәл күтсеңіздер, сайтқа ресми ақпарат шығады», - деді федерациядағылар.

Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының тізгінін ұстап тұрған кезде спортшылармен, әсіресе, ұлттық құрама жігіттерімен емін-еркін қарым-қатынас орната алатын функционер ретінде көзге түсті.

Оның кезінде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болып келген Могамед Адиев қазақ футболының бәсін біраз деңгейге көтерді. Алайда оның орнына мемлекеттік тілге қатысты дауға ілігіп үлгерген Станислав Черчесовтің сайлануын Әділет Бәрменқұловтың жұмысындағы қателік ретінде бағалайтын сарапшылар көп.

Спорт журналистері Ә. Бәрменқұловті Қазақстан Премьер лигасында легионерлердің санын арттырған басшы ретінде сынап жүрді.