Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ақмола облысында ірі көлемде гашиш тәркіленді

Ақмола облысының тәртіп сақшылары есірткі сатушыдан 18 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облысында ірі көлемде гашиш тәркіленді
фото: Қызылорда ПД

Polisia.kz мәліметінше, Ақмола облысының елордаға жақын аудандарының бірінде сақшылар кезекті есірткі сатушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Ұзақ мерзімді жедел жұмыстардың нәтижесінде күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам гашиш тәркіленді, – делінген ақпаратта.

Бұл операцияға полиция департаментінің қызметкерлері мен 5573 әскери бөлімінің кинологтары Макс, Рич және Самурай есімді қызметтік иттермен қатысып, іздестіру және анықтау шараларында маңызды көмек көрсетті.

Тінту барысында төрт аяқты көмекшілер күдіктінің үйінен тыйым салынған зат салынған қапты, сондай-ақ тіркелмеген қаруды тауып, полицейлерге үлкен жәрдемін тигізді. Зерттеу барысында күдіктінің есірткіні сақтап қана қоймай, оны сатумен де айналысқаны анықталды.

Полиция қызметкерлері алдын ала оралған есірткілер мен қажетті құралдарды тәркілеп, оның тұрғылықты жерін «есірткі дүкеніне» айналдырғанын айғақтады.

Қазіргі уақытта аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 48 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.