Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбыры жарылып, көшеде ыстық су атқылады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қостанай облысының «Наша газета» ақпарат құралы әлеуметтік желіде таратқан бейнежазбаны куәгердің Топорков көшесінде түсіргені жазылған.
Оның айтуынша, бұл жылу құбыры жаңадан салынған. Ал оқиға салдарынан түнжарымда үйлерге жылу бармай қалған.