Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ет қымбаттай ма – АШМ жауабы

Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ет бағасы өспейтінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ет қымбаттай ма – АШМ жауабы

«Қазір ет бағасының өсу фактілері жоқ. Жылдың басынан бастап елімізде еттің бағасы тұрақты. Жалпы азық-түлік тауарларына байланысты инфляция деңгейі жоқ. Қазір керісінше «-0,1 пайыз» байқалуда», - деді ол.

Министрлік өкілі еттің қымбаттамауына экспортқа қойған шектеу себепкер болды деп есептейтінін айтады.

«Етті қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ірі қараның экспортына шектеу қойдық. Ол дегеніміз шикізаттың экспортқа шикізат ретінде кетуін емес, іштегі қолданыстағы жүктемелерді көтеру арқылы оларды іште қайта өңдеп, одан кейін дайын өнім түрінде экспортқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бастап бұл шара жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде біз ішкі нарықтағы жүктеменің ұлғайғанын байқап отырмыз», - деді Назгүл Хатепова.