Павлодар облысында боран құлатқан ағаштың астында қалған егде әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Зардап шеккен әйел 1957 жылы туған. Өкінішке қарай, алған жарақаттары ауыр болып, қайтыс болды. Оның екі жіліншігі, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзасы жарақаттанған, , 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған», - деді жедел жәрдем станциясынан.