Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат 4 жыл бұрынғы жазбасында Дональд Трамптың қайта сайланатынын айтқан болатын, деп хабарлайды Paryz.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, Айсұлтан Рахат 2020 жылдың 9 маусымындағы жазбасында 2024 жылы Трамптың президент сайлауында жеңіске жететінін болжаған.
«Сіздер АҚШ-та болған барлық оқиғалардан кейін таң қалатын боласыздар: Трамп екінші рет қайта сайланады және АҚШ-та демократия жоқ екеніне көз жеткізесіздер! Онда барлығы ақшамен шешіледі! Олар тек демократия елесін жасайды және оны бүкіл әлемге таңуға тырысады! Ол тарихтағы АҚШ-тың соңғы президенті болады! 2024 жылы антихрист АҚШ-ты жаулап алады! Ұлы державаның құлауымен барлығы күйрей бастайды!», - делінген жазбада.
Бұл жазбаны Айсұлтан 2020 жылы Джо Байден әлі президент болмай тұрғанда жариялаған еді. Одан 2 айдан кейін ол саябақтардың бірінен ессіз күйде табылды. Содан соң қайтыс болғаны хабарланды.