Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Енді мектепте алғашқы әскери дайындықты тек әскери қызметте болғандар оқытады

Бұдан былай білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындықтан тек әскери қызмет өткерген адамдар ғана сабақ береді, деп хабарлайды Paryz.kz

Енді мектепте алғашқы әскери дайындықты тек әскери қызметте болғандар оқытады
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, әскери кафедраларға штаттан тыс әскери лауазым енгізіледі.

Осылайша білім беру ұйымдарына берілген қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау мен пайдалануды бір мезгілде бақылайтын әскери оқытушылардың мәртебесі айқындалады. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне әскери борышын өтеу талабы енгізілді, бұл мектептер мен колледждерде осы пәнді оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. 

Сондай-ақ, түзетулер әскерді жүргізушілермен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. 18 жасқа толған әскери қызметшілерге 21 жасқа толғанға дейін «D», «СЕ» санатындағы көліктерді жүргізуді үйрету жоспарланып отыр. Олар тек Қарулы күштерге тиесілі көліктерді жүргізе алады.

Қарулы күштер қатарындағы ауыр жүк көліктерін жүргізушілердің саны артады, бұл өз кезегінде бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейін жақсартады. Бұған қоса қызмет өткеру кезеңінде «автобус жүргізушісі» мамандығы бойынша білім алған әскери қызметшілер автобусты басқару құқығына қосымша оқусыз ие бола алады.