Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Мәжіліс депутаты жұмыс күнін қысқартуды талап етті

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдер үшін жұмыс күнін қысқартуды талап етті, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты жұмыс күнін қысқартуды талап етті

Бүгін мәжілістегі "Ауыл" фракциясы премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, басшылық қызметтегі әйелдердің санын арттыруды талап етті.

Депутат Қарақат Әбденнің айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері басшылық қызметте жүрген әйелдердің саны 15 проценттен аспады. Ал соңғы бірнеше жылдың ішінде 20,3 процентке көтерілді. 

"Дегенмен облыстық әкімдіктерде басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі небәрі 10 процентті құрайды. Барлық облыстық басқармаға еркектер басшылық етеді. Ал әйелдер орынбасарлықтан аспай, барлық қара жұмысты істеп жүр", - дейді Әбден.

Осыған байланысты депутат мемлекеттік және квазимемлекеттік қызмет жүйесінде әйелдер көшбасшылығы бойынша ұлттық бағдарламаны енгізуді ұсынды. Сондай-ақ әйелдер үшін жұмыс күнін қысқарту қажеттігін жеткізді.

 "Скандинавия елдерінің тәжірибесі негізге ала отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін қарастыру қажет. Соның арқасында отбасы институтын күшейтуге мүмкіндік бар. Себебі жұмыс істейтін әйелдер балалардың тәрбиесіне көбірек уақыт бөледі", - деп атап өтті Әбден.

Бұдан бөлек, депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды және жұмыс орнында балалар бөлмелерін ашу қажет деп санайды.