Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Таразда теракт жөнінде хабарлаған тұрғынға қатысты тергеу басталды

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Тараздағы ұялы байланыс операторының ғимаратына жарылғыш құрылғыны қойып кеткенін хабарлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда теракт жөнінде хабарлаған тұрғынға қатысты тергеу басталды
Фото: polisia.kz

Арнайы саперлер, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ ҰҚКД, ТЖД қызметкерлерімен аталған орталық ғимараты тексеріліп, ешбір жарылғыш зат анықталмады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданының таулы алқабындағы шаруа қожалығынан 42 жастағы азамат анықталып, ізін суытпай ұсталды. Одан айғақ зат ретінде ұялы телефоны тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.