Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Оқушылардың көзінше қорлайды»: Атырауда мектеп мұғалімдері директорға қарсы ұжымдық шағым түсірді

Атыраудағы №8 мектептің қырықтан астам мұғалімі жуырда тағайындалған директордың әрекетіне қатысты ұжымдық шағым жазды. Мұғалімдер мен кейбір ата-аналар директорды қызметтен босатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқушылардың көзінше қорлайды»: Атырауда мектеп мұғалімдері директорға қарсы ұжымдық шағым түсірді
Фото: istockphoto.com

Ұстаздардың айтуынша, жаңа директор педагогикалық этика мен еңбек заңнамасын жүйелі түрде бұзады. Мектеп қызметкерлері Құрманғалиеваның олардың ар-намысына нұқсан келтіріп, тіпті кейде оқушылардың көзінше қорлайтынын мәлімдеді.

Ұжым көп жағдайда директордың қудалауынан жас мұғалімдер зардап шегетінін атап өтті. Шағымды ұйымдастырушылар директор мұғалімдердің ар-намысын таптағанын айтты.

«Намысыма тиді десем артық емес. Директор тарапынан әділетсіздік пен өрескелдік байқалғаннан кейін барлық жиналыстарда оның әдепсіз мінез-құлықтарын аудио және видеоға жазып жүрдім. Менде оның мінез-құлқы туралы дәлелдер көп, сол себепті осы шағымды ұйымдастырушы болдым», — дейді ұстаздардың бірі. 

Мұғалімдердің айтуынша, директор нашар үлгерімі бар оқушылардың мектеп рейтингіне нұқсан келтірмес үшін олардан «құтылуды» талап еткен. «Ол оқушыларды басқа мектепке ауысуға ұсыныс жасау немесе бағаларын жоғарылату арқылы олардан құтылу керек екенін айтты. Өзі информатика пәнінен сабақ береді және оның барлық оқушылары жоғары бағалар алады. Мұны тексеруге болады», – дейді №8 мектептің бір мұғалімі. 

Шағымдарын білдіргендер арасында мектеп оқушыларының ата-аналары да бар. Олар директордың оқушыларды қойларға теңегенін жеткізді.